- Белгіленген үлгідегі өтініш;
- Жеке басын куәландырушы құжат;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш ұсынады.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің бірінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) оралмана мәртебесі туралы;
3) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
4) мүгедектікті белгілеу туралы;
5) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
6) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы;
7) баланы асырап алу туралы;
8) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы;
9) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі;
10) кірістер туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер);
11) жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы;
12) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
13) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі (бар болса) туралы;
15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
16) алимент туралы не берешектің бар-жоғы туралы;
17) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.